CaspianLife, 28 ақпан — Мамандардың айтуынша, көлікті жол ережесі бойынша жол жиегінде жылытуға болады. Тұрғын үйлердің ауласында 5 минуттан артық тұрса айыппұл салынады.
“Тұрғын ауданда немесе автотұрақта көлікті тұрғындарға қолайсыздық тудыратындай етіп 5 минуттан артық оталдырып, өзі салонда болмаса, бұл – заңбұзушылық. Оларға «Көлік құралдарын тоқтату немесе тұраққа қою ережелерін бұзу» бабы бойынша жазаланып, 5 АЕК, яғни 18 мың теңгеге жуық көлемде айыппұл салынады”, – деді маман.
Мамандар жаңа көліктерді ұзақ қыздырудың қажеті жоқ екенін айтады. Көптеген автомобильдер үшін қозғалтқышты шамамен 30 секунд қыздыру жеткілікті. Майдың температурасы 40 градусқа жетуі керек. Содан кейін көлікті басқаруға болады.