CaspianLife, 23 ақпан — Атырауда құран жаттау және діни сауат ашу орталығы ашылды, деп хабарлайды CaspianLife.
Салтанатты іс-шараға Қазақстанның бас мүфтиі Наурызбай Өтпенов пен облысқа белгілі ақсақалдар қатысты. Иманғали мешітінің өкілі Арман Исаевтың айтуынша, бұл жерде кез келген адам құранды тегін үйрене алады. Оларға 10 діни маман сабақ береді. Ғимаратта оқу бөлмелерінен бөлек, «Дін мен дәстүр» деп аталатын медиа орталық пен «Отбасыға кеңес беру» кабинеті де бар. Сонымен бірге, спортқа арналған бөлме де жабдықталған.
«Иманғали» мешітінің наиб имамы Арман Исаев:
— Өңірімізде ашылып отырған екінші медресе болып есептеледі. Ер және әйел адамдарды қамтимыз деген ойымыз бар. 40 баланы оқытамыз деген ниеттеміз. Жас ерекшеліктеріне шектеу қоймаймыз. Кім оқим деген ниетте болса, солардың барлығын оқытамыз деген ниеттеміз. Қазіргі уақытта әр түрлі жат ағымдар бар. Солардың барлығына дұрыс бағыт беру керек, -деді.