CaspianLife, 22 ақпан — Атырауда ертең сейсмикалық жаттығу өткізіледі. Соның аясында дабыл сиренасы іске қосылады, деп хабарлайды облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.
Сирена үні сағат ертеңгілік 10-нан бастап түске дейін естілетін болады. «Бұл уақыт аралығында үрейге берілмей, тыныштық сақтауларыңызды сұраймыз» дейді мамандар.