CaspianLife, 9 ақпан — Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «ҚР Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Атырау облыстық аумақтық инспекциясы» ММ басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
«Ол тауарларды Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы шекараларының іргелес учаскесінде Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу кезінде заңды қызметін жеделдетіп және кедергісіз жүзеге асыру үшін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан 2 100 000 теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді»,-делінген хабарламада.