CaspianLife, 2 ақпан — Бұл туралы Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті №15 мекемесінің (ерлер колониясы) жедел бөлімінің бастығы Мұратбек Бермаханов хабарлады.
Оның айтуынша, 29 қаңтарда №15 мекеме (ерлер колониясы) қызметкерлері №5546 әскери бөлімінің әскери қызметкерлерімен бірге «Еңбек Батыс» РМК «Газель» автокөлігін тексеру барысында тыйым салынған заттар анықтады. Көлік ерлер колониясына азық-түлік тасымалдаған. Тексеру барысында еттің ішінен екі құты психотроптық дәрі салынған жасырын орама табылды (87 таблетка трамадол).
Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы (2-бөлігі) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.