CaspianLife, 1 ақпан — Редакциямызға «Атырау Жарық» АҚ қарасты қосалқы станция қызметкерлерінен хат келді. Олар мекеме басшылығына айлықты көтеруді сұрап, қызметтік жазба қалдырған. Алайда, әзірге жауап жоқ көрінеді. Былтыр жылдың соңында тариф бағасы көтерілгенмен қызметкерлердің жалақысы өзгеріссіз қалды дейді мамандар. Ал азық-түліктің, коммуналдық қызметтің құны күннен күнге қымбаттап барады. Тарифтің көтерілгеніне 3 ай уақыт өткен. Қызметкерлердің берген ақпаратына сүйенсек, қазіргі уақытта ең төменгі 2-разрядты жұмысшылардың айлығы – 78 мың теңге. Сондықтан қызметкерлер басшылықтың еңбекақыны 40-50 пайызға дейін көтергенін қалайды.