CaspianLife, 11 қаңтар — Доссор-Бейнеу тас жолында төрт автокөліктің қатысуымен болған ірі жол апатынан медицина қызметкері мерт болды. Оқиға 9 қаңтар күні сағат 18:30 шамасында Доссор-Бейнеу тас жолының 74 шақырымы тұсында болған. 1995 ж.т. азаматтың басқаруындағы Газель автокөлігі жедел-жәрдем автокөлігімен және 1993 ж.т. азаматтың басқаруындағы IVECO автокөлігі Rolfo Sirio автокөлігімен соқтығысып, салдарынан жедел-жәрдем автокөлігінің 1964 ж.т медицина қызметкері оқиға орнында қаза тапты. Қазіргі таңда тиісті іс-құжаттар жинақталуда.
Айта кетейік, Газель жүргізушісі бұған дейін ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабының 2,3 бөлігі, 590-бабының 5-бөлігі бойынша, ал жедел-жәрдем көлігінің жүргізушісі ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлігі, 594-бабының 1-бөлігі және 593-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Осы ретте, атыраулық полицейлер жол қозғалысына қатысушылар назарына ауа-райының күрт өзгеруіне байланысты жол жүрісі ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.