CaspianLife, 22 желтоқсан — Маңғыстауда 11 желтоқсаннан бері ереуілдеп жатқан West oil компаниясы жұмысшыларының бірінің денсаулығы нашарлап, ауруханаға түсті. Ереуілшілердің бірі Қонысбай Өтеповті 21 желтоқсанда кешке қарай жедел жәрдем көлігі әкеткен. Ауруханада оған система қойылған.
«Бір өлім аузынан қалдым, қан қысымым түсіп кетті. 50 ма, 60 па болды. Система қойды. Кеудем қысып ауырғанда жаным көзіме көрінді» деді Өтепов 21 желтоқсандағы аудиосында.
Наразылардың айтуынша, Жетібайда жағдай өзгермеген. Тағы бір адамның қан қысымы көтеріліпті. Жұмысшыда жөтел пайда болып, ауруханаға өзі барған. Ол қазір үйінде емделіп жатыр, деді ереуілшілердің бірі.
Мұнайшылар талап орындалғанша тұра беретінін мәлімдеді.