CaspianLife, 11 желтоқсан — Жыл басынан бері Атырау қаласында Жедел басқару орталығының бейнебақылау камерасы арқылы 3491 адамның ортақ пайдаланылатын орындарды ластағаны анықталды. Көше бойына қоқыс пен темекі тұқылын тастай салу — әкімшілік құқық бұзушылық, ол үшін жауапкершілік көзделген.
Мәселен, 11 қараша күні Вокзал маңындағы көше бойында 39 жастағы ер адам кіші дәретке барып, кейін қалтасындағы қоқыс қалдықтарын лақтырғаны бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Оған ортақ пайдаланылатын орындарды ластағаны үшін 8625 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Осы ретте, атыраулық полицейлер қоғамдық тәртіпті сақтап, қоршаған ортаны ластамауға шақырады.