CaspianLife, 10 желтоқсан — «Өзендегі мұздың тығыз массасының пайда болуымен байланысты мұндай жағдай 20 жылдан бері байқалмады», — «Атырау облысы Су Арнасы» ҚГП өкілі.
Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, 10 желтоқсан күні сағат 15.00-де жұмыс істеп тұрған үш су тазарту қондырғысының екеуі лайдан тазартылып, іске қосылған. Қондырғылардағы су ағынының жылдамдығы қалдыпты. Сүңгуірлер үшінші су тазарту қондырғысын тазарту жұмыстарын жалғастыруда.
Жайық өзенінде қабыршақ мұздың пайда болуына байланысты қалада су беру тоқтатылған еді. Себебі, қаладағы су тазарту қондырғыларында Жайық өзенінен су алуда қиындықтар туындаған. Сонымен қатар, соңғы бірнеше тәулікте шығыстан қатты жел соғып, Каспий теңізінің деңгейі айтарлықтай төмендеген. Осыдан кейін Атырау қаласы мен қала маңындағы Жаңаталап, Еркінқала ауылдарының сағалық бекеттерінде де су деңгейі төмендеді.
Қабыршақ мұз салдарынан мынадай қиындықтар туындауы мүмкін:
Біріншіден, су жинайтын құрылғылардың бітелуі, өйткені кішкентай мұз кристалдары балық қорғау торларын және жингайтын жабдықтың басқа элементтерін бітеп тастауы мүмкін, яғни балық қорғау торларын жиі тазалау қажет болады.
Екіншіден, жабдықтың бұзылуы. Қабыршақ мұздың өзен ағынымен қозғалуы, әсіресе мұз кристалдары үлкен болса немесе мұз тығыз жинақталған болса, су алатын жабдыққа механикалық зақым келтіреді.
Үшіншіден, бұл факторлар су сапасының төмендетеді. Ұсақ мұздармен бірге лай түрінде әртүрлі ластаушы заттар жүруі мүмкін, салдарынан су сапасы нашарлайды.
Төртіншіден, кейбір жағдайларда қабыршақты мұз судың қалыпты ағынына кедергі келтіретін тығыз кластерлер түзуі мүмкін. Ал бұл өз кезегінде су жинайтын құрылғылардың тиімділігіне әсер етеді.
«Атырау облысы су арнасы» мемлекеттік кәсіпорнының су тазарту құрылыстары бойынша бас менеджері Борис Пенкиннің (осы кәсіпорында 30 жылдан астам еңбек өтілі) айтуынша, өзенде мұздың тығыз массасының түзілуіне қатысты мұндай жағдай шамамен 20 жыл бойы байқалмаған.