Қазақстан Респуликасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес, 2023 жылдың желтоқсан айының 8 күні сағат 15:00-де Атырау қаласы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Атырау қаласы Қоғамдық кеңесінің отырысы өтеді.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралады:
- 
Орта білім беру ұйымдарындағы балалардың арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және тәрбиеленуі мен қауіпсіздігі бойынша атқарылған жұмыстары туралы;
 - 
Атырау қаласы Қоғамдық кеңесінің 2024 жылға арналған жұмыс жоспарын құру туралы;
 - 
Әртүрлі мәселелер.
 
Атырау қаласының Қоғамдық кеңесі
