CaspianLife, 4 желтоқсан — Синоптиктер алдағы үш күнде, яғни 5-7 желтоқсан аралығында республика бойынша ауа райы болжамын айтты, деп хабарлайды CaspianLife.
«Қазгидромет» РМК мәліетінше, 7 желтоқсанда республика бойынша ауа температурасы күрт төмендейді:
түнде республиканың батысында, орталығында және шығысында -10-18°С дейін;
республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде -25-33°С дейін; оңтүстігінде -5-13°С дейін.
Сонымен қатар:
5 желтоқсанда – республиканың батыс және солтүстік бөліктері циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронтальды учаскелердің ықпалында болады, онда қар аралас жаңбыр жауады;
6 желтоқсанда еліміздің солтүстігінде қалың қар жауады, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, тек республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі;
7 желтоқсанда антициклонның солтүстік-батыстан салқын басып кетуімен республиканың барлық аумағында жауын-шашын күтілмейді.
«Қазақстанда тұман түсіп, жел күшейеді», — деп хабарлады «Қазгидромет» РМК мамандары.
Бұған дейін «Қазгидромет» РМК мамандары желтоқсан айына ауа райы болжамын жасаған болатын. Синоптиктердің болжауынша, биылғы жылы Қазақстанда қыс бірте-бірте өзіне келеді.