Маңғыстау ауданының әкімдігі мен апат салдарынан өртке ұласқан Қаратұрын кен орнын игеруші компания 50 миллион теңгеге меморандумға қол қойды.
Кәсіпорын Маңғыстау облысының тұрғындарын әлеуметтік қолдауға міндеттелді. Сондай-ақ бірқатар елді мекендегі, атап айтқанда Қызан, Ақшымырау, Шебір, Тұщықұдықтағы жобаларға қайтарымсыз қаражат бөлді. – Бізде қаржыландыруды қажет ететін әлеуметтік нысандар бар.
Олардың барлығы да халыққа қажет. Барлық нысанда демеушілік қаражатты пайдаланудың ашықтығы қамтамасыз етіледі,- деп атап өтті Маңғыстау ауданы әкімінің орынбасары Маралбек Сейілов.