«Құқықтық тәртіп» іс-шарасы аясында заңсыз сауда жасағандарға үш хаттама толтырылды, деп хабарлайды Caspian Life.
Құқықтық тәртіпті сақтау, көшелерде және қоғамдық орындарда қылмыстардың алдын алу және жолын кесу мақсатында облыс көлемінде қарашаның 20-30 күні аралығында «Құқықтық тәртіп»жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара құқық бұзушылықтың алдын-алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарында тиісті құқықтық тәртіпті сақтау мақсатында ұйымдастырылады. Осыған орай, Атырау қаласы бойынша №2 қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» профилактикалық іс-шарасы қызметі барысында 3 азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің әр түрлі баптарымен әкімшілік материалдар толтырылған.
Нақтылай кетсек, ҚР ӘҚБтК 204 бабы бойынша заңсыз сауда жасаған азаматшаларға, 434 бабының 2 бөлімі бойынша қоғамдық орында қоқыс, темекі шылымын лақтырған азаматтарға, 440 бабы бойынша қоғамдық орында мас күйінде болған тұлғаларға 3 хаттама жасақталып, тиісті шаралар қолданылды.