Caspian Life, 21 қараша. Қашаған жобасының операторы — НКОК компаниясы Қазақстанда әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін 200 миллион АҚШ долларын бөлмек ниет білдірді.
Бірақ күкіртті ашық аспан астында шамадан тыс сақтағаны үшін жергілікті экологтар салған 5 миллиард АҚШ долларын төлеуден бас тартпақ. Бұл туралы Блумберг ақпараттық ресурсына сілтеме жасаған Энерджи монитор телеграм каналы хабарлады.
Бұған дейін НКОК компаниясы Қазақстан Үкіметінің талабына келіспеген еді. Қазір іс еліміздің апелляциялық сотында қаралуда. НКОК және оның халықаралық серіктестері — Eni SpA, Shell Plc, Exxon Mobil Corp. және TotalEnergies SE тарапынан әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін 200 миллион АҚШ долларын бөлу туралы ұсыныс жасалған.
«Мұндай ақпаратты берген жандар өздерінің аты-жөнін айтудан бас тартты. Өйткені келіссөз жеке сипатқа ие. Егер екі тарап ортақ шешімге келсе Қашаған жобасының ауқымы ұлғайғалы тұр. Себебі инвесторлар газ өңдеумен айналысатын бірнеше зауыт салуды ұсынып отыр», — делінген хабарламада.