Caspian Life, 21 қараша. Ақтауда кәріз құдықтарының шойын қақпағын ұрлауды «кәсіп» қылған бес адам ұсталды.
Ұрылардың ең үлкенінің жасы 40-қа жақындаса, ең кішісі 20-да. Бұдан бөлек олар Ақтау қаласының аумағында орналасқан кәріз станцияларының бірінен бағалы металды да қолды қылған.
Шығын көлемі 105 млн теңгеден асады. Қолының сұғанағы бар жігіттер қазір тергеу абақтысында отыр.