Caspian Life, 21 қараша. Атыраудағы базарлардың бірінде киік еті емін-еркін сатылып жатыр. Тіпті ватсап желісінде «киік еті» деген атаумен чат ашылып, мыңдаған адам ақбөкеннің етін алуға қызығушылық танытып, кезекке тұруда.
Ақбөкен етінің базарға қайдан келетіні белгісіз. Өйткені қалалық ветеринарлық станса оның облыс бойынша еш жерде сатылмайтынын айтып отыр.
Ал, соңғы күндері әлеуметтік желіде киіктердің Атырауға тасымалданып жатырғаны жөнінде видео тарады.
Саудагерлердің айтуынша, «тауарлар» Батыс Қазақстан облысының даласынан әкелініп жатыр. Бір келісі 1500-1700 теңге аралығында. Етті жеткізу арқылы да тапсырыс беруге болады, деп жазады.