Caspian Life, 20 қараша. Маңғыстаулық белсенді Азамат Сәрсенбаев Исатай ауданы Жанбай ауылынан теңіздің қаншалықты тартылып бара жатқандығын көрсетті.
Жанбайдың балықшылар ауылы екені белгілі. Тұрғындарының басым бөлігі Каспий теңізінде балық аулаумен айналысады.
«90-шы жылдардың аяғында теңіз суы басып қалады деген қауіппен ауылды көшірмек болды. Бірақ соңғы 20 жылда теңіздің ауылдан қашықтап кеткені сонша, тіпті жағасы да көрінбейді…» дейді блогер.