Caspian Life, 14 қараша. 13-19 қараша аралығында облыс бойынша «Қауіпсіз жол жүрісі» апталығы өтіп жатыр. Соңғы уақытта жол-көлік оқиғасының көбеюіне байланысты полицейлер осындай іс-шараны ұйымдастыруға мәжбүр болыпты.
Яғни бір апта бойы жол сақшылары рейдке шығып, балабақша, мектептерде, орта, арнаулы және жоғары оқу орындарында барып, жол қауіпсіздігі, жол ережесін сақтау туралы дәріс оқиды. Полицейлердің сөзінше, өңірде жыл басынан бері 164 жол-көлік оқиғасы болып, 15 адам қаза тапқан.
Ал 180 адам әртүрлі дене жарақатын алыпты. Бұған көп жағдайда жүргізушілердің алаңғасарлығы мен шаршаңқы күйде көлік басқаруы себеп болады екен.