Жақында өткен аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауында Қызылқоға халқының басым дауысына ие болған Қанат Әзмұқанов ресми түрде қызметіне кірісті. Ескі әрі жаңа басшыны активке облыс әкімінің міндетін атқарушы Қайрат Нұртаев таныстырды. Сайлауға қатысқан 10 653 сайлаушының 8556-сы Қанат Әзмұхановқа, 1137-сі Сәндібек Салықовқа дауыс берсе, үшінші кандидат Мағжан Жексеновты 892 тұрғын қолдаған.
Қанат Әзмұқанов еңбек жолын жеке компанияда заңгердің көмекшісі болып бастаған. Одан кейін бірнеше «Нұр Отан» партиясының Атырау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, қалалық мәслихат хатшысы, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаментінің директоры, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы қызметтерінде болған. 2022 жылдың тамызында аудан әкімі боп тағайындалды.