CaspianLife, 25 тамыз — Атырауда тас жолындағы жол-көлік оқиғасы салдарынан 1 адам қаза тапты, деп хабарлайды CaspianLife Атырау облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.
Оқиға республикалық маңызы бар Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолының 430-шақырымында болған. ПД хабарлауынша, Toyota Camry автокөлігі әуелі сиырды қағып, соққы екпінімен Mercedes жүк көлігімен соқтығысыпты. Апат салдарынан Toyota Camry автокөлігінің 35 жастағы жүргізушісі мерт болып, 2 жолаушы әртүрлі дене жарақатын алды.