CaspianLife, 24 тамыз — Бүгінде Қызылқоға ауданында 1 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі азамат бар. Оның ішінде 96-сы І топ, 442-сі ІІ топ, 492-сі ІІІ топ өкілдері. Олардың қазіргі жағдайын бағамдап, кедергісіз ортаны қалыптастыруды мақсат өткен арнайы топ өкілдері ауданға келіп мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесу өткізді, деп хабарлайды CaspianLife.
Жергілікті әкімдіктің мәжіліс залында болған жиынға аудан әкімінің орынбасары Жарас Есенғалиев, «Сенім-Шыңы» қоғамдық бірлестігінің директоры Марат Үмбетәлиев және жауапты сала мамандары қатысты. Кездесу барысында аудандағы инватакси қызметі, мүгедек жандарға жасалып отырған жағдайлар талқыланды. Ал мүмкіндігі шектеулі азаматтар тасымалдау көлігінің қызметін жүйелеу, цифрлық сауаттандыру курстарына оқыту сынды ұсыныс-пікірлерін айтты.