CaspianLife, 24 тамыз — Атыраулық «Сәукеле» ансамблінің жас бишілері Өзбекстанда өткен халықаралық байқаудан жүлделі оралды, деп хабарлайды CaspianLife.
17-21 тамыз аралығында Ташкент қаласында болған жарысқа Қазақстан, Өзбекстан, Ресей елдерінен келген 7 мен 9 жас аралығындағы балалар қатысқан. Олар «Гран-Приге ие болуымыз дамылсыз дайындық пен ата-аналар қолдауының нәтижесі» дейді.
Алмагүл ОРЫНБАЕВА, Дамбы өнер мектебінің хореографы
Жалпы бұл конкурсқа 2 ай дайындалдық. Өте қиын болды, Себебі, шетелге бірінші рет шыққасын құжаттар мен тіл мәселесі бар. Бірақ, осының бәрін еңсеріп, жеңіске жеттік, қатты ұнады. Конкурсқа дараның дарасы келді. Біз 7 өнерден Алматыға жолдама алдық. Алматыдан Гран при иеленіп, осы Ташкентке жолдамамен келдік.
Атыраулық жас бишілер ұстаздарының алаң болғанына қарамастан «өзімізге сенімді болдық» дейді. Жеңімпаздарды туыстары мен жақындары вокзалдан ерекше құрметпен күтіп алды. Дарынды балаларға арналған «Sokol Art» халықаралық байқауынан кейін атыраулық бишілерге басқа да жарыстарға қатысу туралы түрлі ұсыныстар көбейген. Мысалы, жас бишілер жақында Түркияның Стамбул қаласында өтетін ауқымды шараға дайындық үстінде.