CaspianLife, 24 тамыз — Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдық мерейтойына 183 млн 868 мың теңге бөлінген. Атырау облысының әкімдігі ақшаның қайда жұмсалатынын айтты, деп хабарлайды CaspianLife el.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап.
Халқымыздың төл өнері айтысты ұйымдастыру үшін 17 млн теңге жұмсалады. Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының Р.Отарбаевтың «Бейбарыс» қойылымымен Астана қаласына гастрольдік сапары үшін 21 млн 580 мың теңге жұмсалады, — дейді Атырау облысының әкімдігі.
Рахымжан Отарбаевтың «Бейбарыс» қойылымының Астана қаласындағы гастрольдік сапарына 19 млн 837 мың теңге жұмсалмақ. Мысырлық елшіліктің ұсынысына сай, гастрольдік сапар Каир қаласында өтеді. Ол үшін 70 млн 609 мың теңге қарастырылған. Сондай-ақ Мысырда Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығы аясында Халықаралық ғылыми конференциясы да жоспарланды. Оған 36 млн 842 мың теңге қаржы беріледі. Сонымен қатар, суретшілер симпозиумын өткізуге 18 млн теңге жұмсалмақ.