CaspianLife, 22 тамыз — «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы аясында атыраулық еріктілер Исатай ауданы, Аққыстау ауылындағы кентішілік жолдарды қайта жаңарту кезінде бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуын анықтаған, деп хабарлайды Caspian Life.
Абай және Достық көшелеріндегі асфальтбетон жабынының бұзылуы, шұңқырлар туралы ақпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне жіберілген. Атап айтсақ, Исатай ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғалары аудандық ТҮКШ бөлімі мен «Информстройсервис» ЖШС арасында кентшілік жолдарды жаңғыртуға 1,4 млрд.теңге сомаға жасалған шарт шеңберінде жалған актілерге қол қойған. Бұл фактіні салалық Департамент растап, нәтижесінде 78 млн. теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру қаупі анықталған.