CaspianLife, 16 тамыз — Биыл күрделі жөндеуден өтіп жатқан қаладағы бес мектептің үшеуіндегі жұмыс қыркүйекке дейін аяқталмайды, деп хабарлайды CaspianLife.
Бұл № 13, 19 және 27 мектеп. Алғашқы қыркүйекте күрделі жөндеу жасалған №22 және 31 мектеп балаларды қабылдауға дайын болады. Ал жөндеу жұмыстары әлі жүріп жатқан 3 білім ордасында оқитын оқушылар жақын маңдағы оқу орындарының ғимаратында білім алады. Мұны қалалық білім бөлімінің басшысы Айнагүл Дүйсекенова өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте айтты. Оның сөзінше, осы жылдың қараша айында Мағжан Жұмабаев атындағы №1 мектеп пайдалануға берілмек. Ал қалған білім беру мекемелеріндегі жөндеу жұмыстары екінші тоқсанның соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр. Өкінішке қарай, қаладағы тағы 3 мектеп апатты деп танылған. Олар — №10 ,№11 және М.В.Ломоносов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп.