CaspianLife, 16 тамыз — Өзен-көл, арық бойын қуалай өсіп тұратын қамысты игеремін деген атыраулық кәсіпкер өзінің бастағалы отырған ісіне қолдау ретінде мемлекет тарапынан кепілдік берілсе деп, хабарлайды CaspianLife.
Өйткені жобаны жүзеге асыру үшін қажетті 10 миллиард теңгені бөлетін инвестор осындай талап қойыпты. Рашид Қабдешев Жайық жағасындағы қамысты түрлі елге жөнелтіп, одан отын, кірпіш, қағаз, бір реттік ыдыс, мал азығын, құрылыс материалдарын әзірлеуге болатынын білген. Бірақ, кепілдіктің болмауы себепті қимылдай алмай отырмын, — дейді кәсіпкер.
Рашид ҚАБДЕШЕВ, кәсіпкер
«Біздің атқарушы органдарға сөздің шыны керек, поддержка керек. Бұлардан біз ақша сұрап жатқан жоқпыз. Біздің Құрманғазы ауданында зауыт салуға 10 гектар жеріміз бар. Шабуға 25 мың гектар жер алып қойғанбыз. Бірақ енді инвестиция болмағандықтан біздер ары қарай аттай алмай отырмыз. Бүкіл министерство, экологиядан, олардан соглосования алып отырмыз. Біздің жобаға патенттерміз бар. Енді инвестиция болмағандықтан мұның бәрі тоқтап қалып тұр».
Бірақ мемлекет тарапынан кепілдік беру жағы әзір беймәлім болып тұр. Өйткені мұның механизмі қарастырылмаған көрінеді. Тиісті басқармадағылар тек іс бастаймын деген кәсіпкерлерге арнайы бағдарламалар аясында көмек жасауға дайынбыз дейді.
Гүлнұр МҰҚАНАЕВА, Атырау облыстық индустриалдық-инновациялық даму басқармасынын бас маманы
«Бізде кәсіпкерлікті қолдау мақсатында бірнеше мемлекеттік шаралар қарастырылған. Олар 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жетіспейтін инфрақұрылымды тарту. Және мемлекеттік меншіктен жер телімін бөлу үшін жобаны инвестициялық деп тану және инвестициялық келісім—шартты жасасу үшін келісім».
Атырау облысы әкімдігі берген мәліметке қарағанда, өңірдегі 44 мың гектардан астам аумақта қамыс өсіп тұр. Оның басым бөлігі қала мен Құрманғазы ауданында.