CaspianLife, 15 тамыз — Қазақстанда соңғы бір жылда оқу құралдары 64,4%-ға қымбаттады. Бұл туралы ұлттық статистика бюросы хабарлады. Мамандардың сөзінше дәптер – 77, қалам – 38,6%, түрлі-түсті қарындаш – 41,9%-ға, сурет альбомы 44,1%-ға өскен, деп хабарлайды CaspianLife.
Бұл баға қыркүйек жақындаған сайын өзгере түсуі мүмкін. Баласын ертіп, сауда орындарын аралаған ата-аналар да мектеп формасы мен оқу-құралдары құнының қалтаға айтарлықтай салмақ салып тұрғандығына ренішті. Олардың сөзінше қазір бір баланы сабаққа дайындау үшін 100 000 теңгеден көп қаражат керек.
Әсел СҮЙЕНІШҚАЛИЕВА, ата-ана
«Былтырғы жылға қарағанда әрине қазір қымбат бізде. Өте қымбат баға. Оқушы балам біреу. Бір балаға шамамен бір 100 мыңға шығатын болар. Общий киімімен, школға дайындығы сол 100 мыңға шығады. Кем болмайды 100 000 нан.»
Ал саудагерлер керісінше былтырғымен алыстырғанда бағаның әлдеқайда арзансығанын айтып дес берер емес. Кітап-дәптерді былай қойғанда, тіпті мектеп формасын төмен бәспен саудалап жатырмыз дейді.
Әйкерім ЖҰМАГЕНОВА, сатушы
«Баға былтырға қарағанда арзан. Мысалы: мына 12 беттік дәптер қазір 25 теңгеден беріп жатырмыз. Былтыр ол баға 40 теңге болды, 42 теңге болды. Күнделіктер енді сол былтырғыдан төмен түсті.»
Биыл Атырау облысындағы әлеуметтік жағынан аз қамтылған санатқа жататын 15 000-ға жуық оқушының мектепке қажетті заттарын алуы үшін 1 миллиард 676 млн теңгеден астам қаражат бөлініп, ақша ата-аналардың есепшотына аударылуда.