CaspianLife, 15 тамыз — Қаз-қатар тігілген киіз үй. Асық атып, ләңгі тепкен, арқан тартқан жастар. Мақатта кейінгі буын өкілдері өз мерекелерінде көңілді тимбилдинг ұйымдастырды, деп хабарлайды CaspianLife.
Мерекелік басқосуға жергілікті және өзге аймақтарда білім алып жүрген жастар арнайы қатысты. «Өнерлі жастар», «Шабыт», «Сад сарбаздары», «Өнер қырандары», «Мәдениетті жастар» секілді командалар ұлттық ойындардан жарысып, өзара мықтыны анықтады.
Мерекелік іс-шара әрі қарай аудан көркем өнерпаздарының гала концерті мен жастардың би кешіне ұласты.