caspianlife, 14 тамыз — 2012-2014 жылдары несие серіктестіктері арқылы 3 миллион теңгеге дейін несие алып, кәсіп бастаймын дегендердің қазір шоттары бұғатталып, шекарадан аса алмай отыр, деп хабарлайды CaspianLife.
Несие тұрғындарға бір серіктестік арқылы рәсімделген. Енді оны уақытылы өтеп, құтылғандар қарызын жабуға асықпайтын өзгелерінің кесірінен зардап шегіп отырмыз дейді, Қызылқоға ауданының тұрғыны, Жәмилә АЛҚУАТОВА
«Монша ашатын болдым. Моншамды ашып бастадым. Маған 2,5 миллион дым да болған жоқ. Газымның өзіне бірталай ақша кететін болды. Жерімді сатып алдым. 2,5 миллион моншаның жартысына жетпей қалды. Маған 5 жыл болмай жатып, арестке қойып тастады. +02:41 қазір кредитке кіріп отырмын. 11 миллион теңге дейді. Халықтың жағдайын үкімет түсінбейтін сияқты»
Үкімет 2011-2014 жылдар аралығында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» және «Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша 2 миллиард 800 миллион теңгені 1174 адамға несие түрінде берген. Қаражатты жұмыссыздар, мектеп түлектері мен студенттер және қандастар алыпты. Бұл процесс 65 несие серіктестігі арқылы жүргізілген. Қазіргі уақытта 39 несие серіктестігінің 1,5 миллиард берешегі бар. Бірақ, қызығы сол – сот оларды ликвидациялау туралы шешім шығарған.
Қайсар ҚҰРМАНАЛИЕВ, «Атырау» ӘКК» АҚ департамент директоры
2020 жылы ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің несие серіктестіктерді мәжбүрлеп тарату туралы талап арызы бойынша Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының несие серіктестерді мәжбүрлеп тарату туралы шықты.
Бірақ сот шешімін орындауға ешкім асығар емес. Және несие серіктестіктерінің проблемасын шешуге қатысы бар деген органдар да тып-тыныш қана отыр. Бұған серіктестік өкілдері қарсы.
Рашид ҚАБДЕШЕВ, «БАР» несие серіктестігінің төрағасы
Ликвидацияға кеткен несие серіктестіктердің бюджеттік кредиті списаниеге кету керек. Заң бойынша, бюджеттік кодекс бойынша, азаматтық кодекс бойынша. Облыстық мәслихаттардың шешімімен списание кету керек еді. 1,5 жыл болды әкімдікке де, әкімге де, СПК-ға да, Атамекенге де хатпен шығып жатырмыз.
Рашид Қабдешевтің сөзінше, проблеманы соншалықты күрделендірмей жергілікті деңгейде шешуге болады. Өйткені ол Қаржы министрлігіне хат жолдап, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін респбуликалық бюджеттен бөлінген кредиттер бойынша Атырау облысының қарыз емес екендігін анықтапты.