CaspianLife, 7 тамыз — Облыс әкімінің орынбасары Марат Мурзиев жұмыс сапарымен Исатай ауданына барып, шаруалармен, кәсіпкерлермен кездесті. Оларға мемлекет тарапынан берілетін қолдау туралы түсіндіріліп, түйткілді мәселелер талқыланды, деп хабарлайды CaspianLife.
Басқарма басшысы әлеуметтік кәсіпкерлік туралы да мәлімет берді. Ол төрт санатқа бөлінген. Біріншісі — кәсіпкердің қарамағындағы жұмысшылардың жартысы мүгедек, көпбалалы, зейнеткер, зейнет алды жастағы болуы қажет. Екіншісі — осал топқа жататын жандар шығарған өнімді өткізетін кәсіпкер. Үшінші санаттағылар осал топқа қызмет көрсетеді. Төртінші санат — білім, мәдениет, спорт саласына қызмет көрсететін кәсіпкерлер салықтан босатылады. Жиынға «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының өкілдері де қатысып, «Ауыл аманаты» бағдарламасы туралы айтты. Бағдарламаға ауылдық жерде мал-егін шаруашылығын дамытамын деген тұрғындар қатыса алады. Және басқа да бағыттар бойынша несие беру қарастырылған. Өздеріне беріліп тұрған мүмкіндік туралы мол мағлұмат алдық деген шаруалар мен кәсіпкерлер проблемаларын да айтып қалды. Мысалы ауыз су мен табиғи көгілдір отын шаруашылықтардың үстімен өтіп жатса да, олар тасымалдауға мәжбүр.
Фото: /naryntany.kz/