CaspianLife, 31 шілде — Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкін облыстық мәслихат депутаты Сырымбек Сарсембаевпен және жауапты бөлім басшыларымен бірге Балауса ықшам ауданында құрылысы жүріп жатырған жаяу жүргіншілер жолының сапасын қадағалады, деп хабарлайды Caspian Life қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шаһар басшысы мердігер мекеме және техникалық қадағалаушыға құрылыс барысын қатаң бақылауда екендігін айтып, ескерту жасады. Және округ әкімдеріне жұмыс сапасын қадағалап, есеп беру керектігін жеткізді.