CaspianLife, 28 шілде —Атыраудағы «АқЖайық» резерватына жергілікті бюджеттен 1,5 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды CaspianLife. Өңір басшысы Серік Шапкенов қорықтағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрт сөндіру қызметтерінің материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында осындай тапсырма берген. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев өз telegram-каналында жазды. Осы қаражатқа 2 жол тағамайтын көлік, жедел әрекет етуге арналған 2 көлік, 1 автосаты және басқа да қауіпсіздік техникалары сатып алынбақ. Ал «Орман шаруашылығы мекемелеріне 38 қосымша бірлік бөлінді. Еске салайық, жергілікті әкімдік бұған дейінде резерватты коммуналдық балансқа өткізу жайын бірнеше рет көтерген болатын. Бірақ мұны министрлік құптай қоймады. Соған қарамастан, министрлік қорықтың материалдық-техникалық базасын жақсартуға 285 млн теңге бөлді. Әрі ғарыштық мониторинг жүйесі қолданыла бастады. Жасалған алғашқы қадамдар, өрт қауіпсіздігінің алдын-алуға өз себін тигізеді деген үміттемін, — деп жазды Жасұлан Бисембиев.