CaspianLife, 28 шілде — Маңғыстауда прокурорлар мектептен 76 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған есепшіні анықтады, деп хабарлайды CaspianLife Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап. Тексеруде штаттық кесте мен банктік шоттарды салыстырды. Есепші 3 жыл бойы өзіне артық соманы есептеп келген. Осы факті бойынша прокурор қылмыстық іс қозғап, тергеу ЭТД-на тапсырды.Тергеу барысында аталған мектептің есепшісі кінәсін толық мойындады.Сот үкімімен кінәлі адам ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі (сеніп тапсырылған мүлікті иемдену және ысырап ету) бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Бес жыл лауазымды қызмет атқара алмайды.