CaspianLife, 27 шілде —Ақтөбе-Атырау-Астрахань бағытындағы трассаның Атырау-Доссор бөлігі қайта жөнделмек, деп хабарлайды CaspianLife. Себебі, былтыр желтоқсанда қолданысқа берілген жолдың беткі қабаты ұшып кеткен. Қазіргі уақытта жол белгілері орнатылып, асфальт беті қырылып жатыр. Сондықтан, алдағы екі аптада бұл бағыттағы көлік қозғалысы қиындауы мүмкін. Мамандардың сөзінше бастапқыда жолда кемшілік болмаған, бірақ ауа райы мен көлік ағынының көп болуына байланысты бүлінген. Ақтөбе-Атырау-Астрахань бағытындағы тас жолдың 553-598 шақырымы аралығындағы орташа жөндеу жұмысын «Маңғыстау жол құрылысы материалдар комбинаты» АҚ өз жауапкершілігіне алды. Енді мердігер 12 шақырым жолдың беткі қабатын қайта төсеуі тиіс.