CaspianLife, 25 шілде — Атырау облысында ауыл тұрғындарына шағын несие беру үшін 1 млрд. 504 миллион теңге бөлінді, деп хабарлайды CaspianLife. Қаржылай қолдау «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында көрсетілмек. Жалпы бағдарлама аясында 188 кредит беріліп, 200-ге жуық жұмыс орнын құрылу керек. Алайда, 20 маусымнан бері түскен өтініш саны – 80. Қазіргі уақытта 10 адамның тапсырған құжаты түгел. Қалғаны қажетті қағаздарды жинақтап жатыр. Облыстық әкімдікте өткен жиын барысында несие алу үшін қажетті құжаттардың санын қысқарту туралы ұсыныс айтылды. Өйткені, олардың бәрін дайындау шаруа қамымен ауылдықтарға қиын соғады. «Ауыл аманаты» жобасына барлық ауыл тұрғындары қатысып, бес немесе жеті жылға берілетін несиені ала алады. Сомасы – 8,6 миллион теңгеге дейін. Жылдық сыйақысы — 2 жарым пайыз. Несие алу үшін ең алдымен азаматтың кепілге қоятын мүлкі болу керек. Несие зейнет жасындағыларға берілмейді.
Фото: Vera.kz