CaspianLife, 25 шілде – Атырау облысында 2023-2024 оқу жылында 15 мыңдай бүлдіршін 1-ші сыныпқа қабылданады деп жоспаланып отыр, — деп хабарлайды CaspianLife. Қазіргі уақытта ата-аналардан баланы мектепке қабылдау туралы 14 мыңнан астам өтініш түскен. Оның 6,5 мыңы Атырау қаласына тиесілі. Бұл процесс 1 тамызға дейін жалғаспақ. Білім беру басқармасындағылардың айтуынша, ата-аналар электронды цифрлы кілт көмегімен Егов.порталы арқылы мемлекеттік қызметке қол жеткізе алады.
Айнагүл ДҮЙСЕКЕНОВА, Атырау облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары
Құжатында мәселе бар немесе басқа елдің тұрғыны болып табылатын ата-аналардың балалары үшін мектептерде қағаз түрінде құжатты қабылдау жалғасуда. 1 тамыз күні портал жабылатынын ата-аналардың қаперіне бергіміз келеді. Былтырғы жылы 16 100 ден аса бала 1 сыныпқа қабылданған болатын. Биыл 15 мың бала қабылданады деген болжамды жоспар бар. Қазіргі таңда 14 мыңнан астам өтініш қабылданып отыр.
Облыстық білім беру басқармасы биыл балаларға мектептен киім-кешек пен оқу құралы берілмейді, мұндай көмек енді тек қаржылай көрсетіледі деп отыр.
Айнагүл ДҮЙСЕКЕНОВА, Атырау облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары
әлеуметтік осал санаттағы, атаулы көмек алатын отбасылар үшін және ата—анасыжұмыссыз болып табылатын өзінің заңдылығына сәйкес санатқа кіретін балаларға 64-ші қаулыға сәйкес жылына тізім бойынша құжаттар тапсыру арқылы 1 балаға 38 мың теңге көлемінде қаржылай көмек беріледі. Бұрын киім—кешек, оқу құралы ретінде берілсе, қазір әрбір ата—ананың жеке шотына ақшалай аударылады. Тамыздың онына дейін мектептердегі әлеуметтік педагогтер және мектеп басшылары осы санаты балалардың құжатын қабылдап жатыр.