CaspianLife, 19 шілде – Үкімет МАЭК-те жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 4,9 млрд теңге қаржы бөлді деп хабарлайды caspianlife.kz.
Бұл қаражатқа комбинаттың апатты жағдайда тұрған қосалқы жабдықтары мен компонеттері ауыстырылады. Осыдан кейін электр стансаларының генерациялаушы жабдықтарын тоқтату және тұтынушылар үшін шектеулер енгізу барынша азайып, қауіпсіздігі қамтамасыз етілмек. Еске сала кетейік, МАЭК пен АМӨЗ-де болған апат себебін тексерген мемлекеттік комиссия аталған кәсіпорындар жұмысынан жүйелік кемшілікті анықтаған еді. Келешекте мұндай дағдарыс болмас үшін Үкімет бірқатар шұғыл әрі жүйелі шараны қолға алмақ. Олардың қатарында МАЭК-ті жаңғырту және күрделі жөндеу, батыс энергетика аймағын нығайту, АМӨЗ-ді сыртқы электр қуатымен тұрақты қамтамасыз ету және онда жеке энергия көзін салу, батыс аймақты Қазақстанның бірыңғай электр энергетикалық жүйесімен байланыстыру секілді жоспар бар.
Фото lada.kz сайтынан алынды