CaspianLife, 17 шілде – Облыс орталығын жаяу аралауға кіріскен аймақ басшысы Серік Шәпкенов «Вокзал маңы» ықшам ауданына барып, көпқабатты үйлердің жағдайын көзбен көрді деп хабарлайды caspianlife.kz.
Халықпен тілдескен әкім үйлердің жертөлесін реттеулі тапсырды. Өйткені, тұрғындардың кейбірі көп үйдің төменгі қабаты суға толып тұрғанын айтып, мәселені шешіп беруді сұрады. Бұдан басқа, ПИК жұмысы, термомодернизация, электр қуаты және аулаларды абаттандыру мәселелері көтерілді.
«Қалалық әкімдік жертөлені бір рет дұрыстап, тазалап береді. Әрі қарай оның тазалағы тұрғындарда немесе ПИК жұмысы деуге болады. Жалпы бұл жұмыс әкімдіктің емес, осындағы тұрғындардың міндеті»,- деді облыс әкімі Серік Шәпкенов.