CaspianLife, 14 шілде — Атырау облысындағы мұнай-газ кен орындары саудаланған аукцион қорытындысы белгілі болды, деп хабарлады CaspianLife.
Бұл туралы ресми құжаттарға сүйенген енерджи монитор телеграм каналы жазды. Балықшы және Пустынное кен орындарын Мәтен Петролеуммен байланысы бар Priority Oil &Gas сатып алған. Пустынное кен орнының бастапқы құны 139 миллион теңге деп белгіленгенмен, он есе қымбатқа — 1 миллиард 367 миллион теңгеге сатылды. Ең аз зерттелген және ең арзан учаскелер – Оңтүстік Қожа мен Тастөбенің әрқайсысы 25 миллион теңгеге саудаланды. Бұл екеуіне енді Бердығожиндер отбасына қатысы бар Петрогаз Даблью Ка и Номад Вест Ойл компнаиясы иелік етпек. Жұмыс істеп тұрған «Шалва» кен орнының ендігі қожайыны — ARK Petroleum компаниясы. Олар «Шалва» үшін 283 миллион теңгені санап беріпті. Телеграм канал аталған компанияны олимпиада ойындарының жүлдегері Серік Қонақбаевтың отбасымен байланыстырады. Жалпы аукцион арқылы ұзын саны 9 учаске сатылған.
Фото: Newsroom.kz