CaspianLife, 14 шілде. Бұл туралы облыстық мәслихат депутаты Гүлназ Космурзиева қатысқан пресс-тур барысында «Атырауинжстрой» (АИС) ЖШС айтты.
Бүгінде компания Атырау облысындағы жол құрылысын он шақты елді мекенде жүргізеді. Дәлірек айтқанда, АИС компаниясы:
— Өрлік Индер мен Жалғансай Махамбет аудандарында күрделі жөндеу жұмыстары;
— С.Датов көшесі, Азаттық даңғылы мен Қызылқұм ауданындағы Индер-Қарабау трасса жолдарында қайта жөндеу істерін жүргізеді;
— Еркінқала ауыл округында жолдар салады — Еркінқала ауылында, Еркінқала-1, Еркінқала-2, Еркінқала-3, Балауса, Ракуш;
— Кайыршахтинск округы — Талғайран және Томарлы ауылдарында жолдар салады;
— Алмалы ауыл округынде — Алмалы ауылындағы екі құрылыс алаңында жолдар салады.
Сонымен қатар, суб мердігер компания көмегімен жолды қайта құру жұмыстары Доссор ауылында (Мақат ауданы) және Құлсары қаласында (Жылыой ауданы әкімшілік орталығы) жол құрылысы істелмек. Пресс-тур қатысушыларына жол мен тротуар процесс басталғанын көрсетті. Бұл асфальт дайындаудың жиынтығы. Негізі бұл орасан зор қосымша материалдары бар шағын құрылыс зауыты. Механик Ерден Байзенов журналистерге айтқандай, асфальтбетон зауытының асфальт өндіруге дайындығы көктемде наурыз айында басталады. Сәуірдің алғашқы аптасында дайын өнімді құрылыс алаңдарына жүргізілуде.
«Зауыт қысқа дейін тоқтаусыз жұмыс жасайды. Мысалы, алдыңғы құрылыс мезгілінде соңғы асфальт түсіру қарашаның бастапқы он күндігінде болған. Жол материалдарын дайындау процесі толығымен автоматтандырылған, процесті басқару интеллектуалды жүйе арқылы жүзеге асады, — деп айтты Е.Байденов.
Оның айтуынша, зауыттың қуаттылығы тәулігіне 1000 тоннаны құрайды. Мысалы, жылдың басында бұл жерде дайындалып жіберілген құрылыс учаскесі саны 115 тоннадан асатын асфальтбетон мен 193 891 тонна құрылыс қоспасын құрайды. Зауыттың бас технологы Әлімхан Жұмашевтің сөзінше, жылдың басы мен шілде аралығында зауытқа 322 957 тонна инертті материал жеткізілген. Қазір мұнда 137 мың тонна интертті материал бар. Бұл қосымша материалдың барлығы бір жарым — екі ай үзіліссіз жұмыс жасауға көмектеседі. Сонымен бірге, Жұмашев мұндай материалдың тоқтаусыз әкелініп жатақандығын атап өтті.
Бұл шамамен аптасына 10 мың тонна.
Құрылыс материал зауыттарының арасында АИС жұмысшылары асфальтбетон зауытының аумағына кішігірім болса да, бақша орнатыпты. Ол жерде шамамен 100 ағаш, гүлдер мен көкөністер де бар.
Кейін пресс-тур қатысушылары С.Датұлы көшесіндегі қайта жөндеу жұмысымен танысты. Құрылыс учаскесінің бастығы Жанарбек Құспанов аталған аумақта 20 арнайы техника мен 24 жұмысшы жұмылдырылған деп атап өтті.4690 метр жолдың 1500 метрі былтыр жөндеуден өткізілсе, биыл тағы 600 метрі аяқталып, пайдалануға берілді. Бұл жұмыстар толықтай келер жылы бітетін болады.
«Асфальттың ескі қабатын толығымен қазып, тазалаймыз. Содан кейін қалыңдығы 80 см болатын көпқабатты жолдың өзін саламыз. Бұл 30 см құм-қиыршық тас қоспасы, 20 см үйінді тас және 30 см асфальт. Қайта жөндеу жұмыстарынан кейін жол ені 14 метр, төрт жолақты болады. Жолдың екі жағында жаяу жүргіншілерге арналған жол төселген»,- деп айтты Ж.Құспанов.
«Атырауинжстрой» ЖШС жиырма жылдан астам Қазақстандағы жол құрылысы саласындағы лидерлердің бірі. Мекеме өкілдері «компанияның негізгі қағидасының бірі табиғи ресурстарды тиімді қолданып, техникалық қауіпсіздік ережелері мен құрылыс нормаларын қатаң сақтап, тұрғындарға қолайлы жағдай жасаумен қатар аймақтардағы жол инфрақұрылымын дамыту» дейді.