CaspianLife, 10 шілде — Теңіз кенішінде жұмыс жасайтын Arctic group international ЖШС ұжымы Жылыойдағы «Мерген» спорт клубына қажетті құрал-жабдық алып берді, деп хабарлайды CaspianLife.
Клуб жасөспірімдерді спорттың грэпплинг, ММА және ережесіз жекпе-жек секілді түрі бойынша жаттықтырады. Спортшыларға үш түрлі тренажер сыйға тартқан мекеме бұған дейін де аудандағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға тұрақты түрде көмек көрсетіп жүр.
«Біздің Арктик мекемесінің Теңіз кенішінде жұмыс істеп келе жатқанына 22 жыл болды . Мекемедегі жұмысшылардың көбі Жылыой ауданынан, сол себепті ауданның дамуына ықпал ету – міндетіміз деп білеміз. Мұндай иігілікті іс алдағы уақытта жалғасады, әлі де демеушілік көрсетеміз» — деді Arctic group international ЖШС аймақтық директоры Ланс Михайлик.
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген компания ұжымына аудан әкімінің орынбасары Гүлнафис Айшуақова рахмет айтып, алғыс хат табыс етті.
Фото: Basta!