CaspianLife, 8 шілде — Атырауда арнайы комиссия Миялы ауданындағы Ойыл өзеніндегі балық өлімі туралы ақпаратты тексеруде, деп хабарлайды Caspian Life.
Балық шаруашалығы комитетінің дерегінше, кеше 23:00 шамасында Атырау облысының Миялы ауданындағы Ойыл өзенінде балық қырылуы туралы ақпарат келген. Бұл туралы барлық жауапты мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы билікке хабарланды
«Осы ақпаратты тексеру үшін 2023 жылғы 8 шілдеде Жайық-Каспий балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының басшысы мен орынбасарынан және инспекция, жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінен тұратын комиссия балық қырылуы болжамды орнынға шықты», — делінген комитет хабарламасында.