CaspianLife, 7 шілде — Атырауда қайтадан қамыс өртенуде, деп хабарлайды Caspian Life облыстық ТЖД-не сілтеме жасап.
Құтқарушылар қалада түтін иісі шыққан соң, әуеден барлау жұмыстарын жүргізді. Олар 5 гектар аумақта 5 жану ошағын анықтаған.
«Жану аумағы иесіз, Каспий теңізінің жағалауында орын алды. Түтін теңізге қарай бағытталғандықтан, елді мекендерге қауіп жоқ», — делінген департамент хабарламасында.
Өртті сөндіруге ТЖД және «Ақ Жайық» МТР 55 қызметкері, 13 бірлік техника және 2 мотопомпа, сондай-ақ, «Қазавиаспас» АҚ-ның МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды.
Фото: ТЖД