CaspianLife, 27 маусым — Ақтауда мемқызметші өзіне сыйлық жасаған балабақша директорларын антикорға ұстап берді,— деп хабарлайды caspianlife.kz. Облыс орталығындағы 26 жеке балабақшаның басшылары жалпы сомасы 40 мың теңге жинап, оған сертификат пен торт сатып алып, Ақтау қалалық білім бөлімінің басшысына сыйлапты. Бірақ, бұған қуана қоймаған ол бірден тиісті орынға хабарласқан көрінеді. Нәтижесінде сый жасағыш директорларға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Өз іс-әрекетін бірден мойындаған 25 басшының әрқайсысына 345 000 теңгеден айыппұл салынған. Ал біреуі істегенін мойындай, іс сотқа жетті. Кінәлі деп танылған ол 483 000 теңге айыппұл төлейтін болды.