CaspianLife, 26 маусым — Атыраудағы мектептердің бірін басқарып отырған директор мен оның орынбасары жақын туыстарын жұмысқа алып, мемлекетке 23 миллион теңге көлемінде залал келтірген,-деп хабарлайды caspianlife.kz. Анығын айтқанда, басшылардың жақындары жұмысқа келмей айлық алып отырыпты. Мұндай фактті ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облыстық департаменті анықтады. Қазіргі уақытта қос басшы — өз қызметтерінде. Себебі, антикор қызметкерлері тексеріс жұмыстарын жүргізіп жатыр.