CaspianLife, 22 маусым – Атырауда үлескерлерді сазға отырғызған «Ақмаржан» және «Жібек жолы» тұрғын үй-құрылыс кооперативінің құрылтайшыларына қатысты сот үкімі шықты деп хабарлайды сaspianlife.kz
Олар 6 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Және 5 жыл материалды жауапты лауазымды атқара алмайды. Және сот айыпталушы екеуді жәбірленуші тараптың қаражатын бөліп төлеуге міндеттеді. Еске сала кетейік, екі сотталушыға алаяқтық жасады және сенімге кіру арқылы бөтеннің мүлкін иеленді деген айып тағылды. Олар тұрғын үй кешенін саламыз деп 271 адамнан 2 млрд теңгедей жинап алған. Алайда құрылыс жұмыстары толық аяқталмаған. Ал үлескерлер болса ақшасыз және пәтерсіз әлі жүр.