CaspianLife, 19 маусым – Атырау облыстық ТЖД экс-басшысы Сәбит Битаевтың мемлекет мүлкін өз мүддесіне пайдаланғаны белгілі болды деп хабарлайды caspianlife.kz Dalanews.kz. ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.
Агенттіктің таратқан ақпаратына сүйенсек, Сәбит Битаев курстасы, әріптесі Батыс Қазақстан облыстық ТЖД басшысы Ернұр Өтегеновтың бауыры қайтыс болуына байланысты оған көңіл айту үшін «Қазәуеқұтқару» мекемесінің ұшағын пайдаланып, мемлекет қазынасына 6 667 817,7 теңге шығын келтірген.Бұл үшін Сәбит Битаев 4,5 жылға бас бостандығынан айырылған деп жазды басылым. Сәбит Битаев 2021 жылдың 21 шілдесіне дейін Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы қызметін атқарған болатын.