CaspianLife, 19 маусым – Шілдеден бастап Ақтау қаласы және Мұнайлы ауданының жолдары мен қоғамдық орындарында «Сергек» камералары іске қосылады деп хабарлайды сaspianlife.kz.
Қазір 1138 камера орнатылған. Оның 638-і Ақтауда, 500і Мұнайлыда. Орнатылған камералардың 800-ге жуығы жол, 400-ден астамы қоғамдық орындардың қауіпсіздігін қадағалайды. Бейнебақылау деректері 30 күн сақталмақ. Полицейлердің айтуынша, «Сергек» камералары жылдамдықты асыру, бағдаршамның қызыл түсіне өту, тоқтау сызығын және қос жолақты басу секілді деректерді тіркейді. Ақылды құрылғы 150-200 метр қашықтыққа дейінгі жерді түсіреді. Камера құқық бұзушылықты анықтаса, айыппұл көлік иесіне смс арқылы 15 минуттың ішінде, ал хат арқылы 4-5 күннің аралығында жетеді.
«Қазақстан Республикасының 644 бабы 1 бөліміне жол белгілерін қатаң сақтамауы болып табылады. Сонымен қатар, 599 бап қызыл түске өтіп кету, сонымен қатар жылдамдықты асыра пайдалану және екі жолақты сызықты қарсы бағытқа шығып өту сондай функционалдық қасиеттері бар. Аталған іс-шара өте тиімді әсер тигізеді деп ойлаймын. Қазіргі таңда Маңғыстау облысында 5 айда бізде 164 жол көлік оқиғасы тіркелді. 32 адам қаза тауып, 185 адам әр түрлі дене жарақатын алып отыр», — деді Маңғыстау облыстық ПД ӘПБ бастығының орынбасары Сүйін Құрмантаев.
Фото kazpravda.kz сайтынан алынды