CaspianLife, 16 маусым — Атырауда 2025 жылға дейін 30-ғу жуық медициналық мекеме бой көтереді, деп хабарлайды Caspian Life облыс әкімдігіне сілтеме жасап.
«Қазіргі таңда 5 медициналық пункттің құрылысы жүргізілуде. (Жылыой ауданының Қарағай, Қызылқоға ауданының Айдын, Махамбет ауданының Аққайың, Еңбекшіл, Көздіқара ауылдары) Үш подстанциясы бар жедел жәрдем станциясының құрылысын бастау жоспарлануда. Осы жылы ауылдық жерлерде тағы 5 нысанның құрылысы басталады»,- С.Шәпкенов.
Сонымен қатар, «Теңізшевройл» ЖШС демеушілігімен Құлсары қаласында 75 орындық орталық аудандық аурухананың, NCOC компаниясының көмегімен Атырау қаласының Береке ықшам ауданында 50 адамға арналған дәрігерлік амбулатория құрылыстары жүргізілуде. Атырау қаласында да екі емхана салу жоспарланған.
Сонымен бірге, Атырау қаласындағы облыстық онкологиялық диспансердің ескі ғимаратының орнына 180 орындық онкологиялық диспансердің радиологиялық корпусының құжаты дайын. Қазір мекеменің жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталуда.
Фото: ohospital.kz